- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Су және газбен қамтамасыз ету жүйелерін полиэтилен құбырлар арқылы қамтамасыз ету «Іскер» ЖШС 40 пайыз қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді
ИИДМБ: Су және газбен қамтамасыз ету жүйелерін полиэтилен құбырлар арқылы қамтамасыз ету «Іскер» ЖШС 40 пайыз қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді
Құбырлар шаруашылық мақсаттағы және ішуге арналған суды сондай-ақ өзге де сұйықтықтар мен газтәріздес заттардың құбыр желілеріне арналған.
«Астана –жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қысымы төмен полиэтилен құбырлардың ерекшелігі оның ұзақ мерзімге сақталатындығына байланысты. Ол тіпті көптеген талаптар бойынша темірдің өзінен мықты болып келеді. Кепілді қызмет мерзімі -50 жыл.
«Полиэтилен құбырлар катодты сақтандыруды қажет етпейді, сол себепті оны күтіп-баптаудың қажеті жоқ. Оның үстіне ол шірімейді әрі химиялық жағынан мығым. Оның ішкі жағынан да қоспалардың тұнып қалуына жол берілмейді. Жылу жібермейді, жылу жоғалту мүмкіндігі төмен, сыртқы жағынан газды коденсаттардың да тұнуына мүмкіндік жоқ. Полиэтилен құбырдың көлемі тек оның ішіндегі сұйықтық қатып қалған жағдайда ғана өзгереді. Оның өзінде түбегейлі бұзылып кетпей, құбыр шамалы кеңейеді. Бірақ, іштегі сұйықтық ерігеннен кейін бірден қалпына келеді»,-делінген хабарламада.
Құбырдың өзінің жалғанатын мүмкіндіктері оған жұмсалатын қаржының 40 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді, және оны орнату да оңай әрі көп уақыт шығындауды қажет етпейді.
«Полиэтилен құбырлар металқұбырлардан әлдеқайда ұзын, сол себепті оның жалғанатын жерлері де аз болады. Осы үлгіні қолдану су және газбен қамтамасыз ету жүйелерінде дәстүрлі әдістерге қарағанда, қаржыны 40 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді»,-деді «Астана-жаңа қала» АЭА.
Құбырлардың салмағының жеңілдігі монтаж жұмыстарының да жеңіл жүруіне мүмкіндік береді. Әсіресе тар бөлмелерде үлкен техникалар қажет болатын болса, полиэтиленді ондай техникалардың көмегінсіз-ақ орната беруге болады. Көлік болса полиэтилен құбырды болат құбырға қарағанда 5-7 есеге көп тасымалдай алады.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді