БҚО-да 2,9 млрд теңгенің 19 меморандумына қол қойылды

8 Маусым, 2015 09:13
Орал қаласында 2,9 млрд теңгенің екіжақты 19 меморандумына қол қойылды, деп хабарлады БҚО ішкі саясат басқармасы.

Хабарланғандай, 6 меморандум «Қазақстанда жасалған» логотипінің негізінде «NADLoC»   жергілікті  қамтуды дамыту ұлттық агенттігі мен тауар өндірушілер арасында ынтымақтастық орнатылды.

«Меморандумдар облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың және «NADLoC»   жергілікті  қамтуды дамыту ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары Гүлмира Уахитова, тауар өндірушілер мен отандық кәсіпкерлердің  қатысуымен өтті», - делінген хабарламада.

Меморандумдарға қол қойылу өндірістік кәсіпкерліктер мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталды.

Осыған дейін облыста 42 млрд теңгенің 20 меморандумы облыс әкімдігі мен ұлттық компаниялар, ірі табиғи қазбаларды қолданушылар мен өндірістік компаниялар арасында қойылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар