«Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы Ақмола облысында өтті (Фото)

6 Маусым, 2015 14:29
Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы аясында агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияны енгізу» тақырыбы бойынша Ақмола облысында Парламенті Сенаты «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы болды.

Отырысты ашқан Парламенті Сенаты «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Михаил Бортник Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында елімізің экономикалық саясатының негізгі бағыттары белгіленгеніне назар аударды.

Бағдарламалық құжатта Елбасы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін дағдарысқа қарсы жаңа шаралардың бірі ретінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды ұлғайту қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Сенат.

«Табиғи жағдайларға, энергиямен жабдықталуға, мемлекеттің қаржылай қолдауының көлеміне, бәсекелестіктің әсеріне байланысты – осы және басқа да көптеген мәселелер бәрі, әсіресе, қазіргі кездегі ЕАЭО аясында және Қазақстанның Дүниежүзіілік сауда ұйымына енуі қарсаңында біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушелерге әсер етеді.

Сондықтан инновациялық технологияны енгізу мәселелері Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруға ықпал етеді», - деді сенатор.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Отаров, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық технологияны енгізу мәселелері туралы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Көшербаев, «Аграрлық зерттеулер университеті: білім беру мен ғылымға қазіргі көзқарастар» тақырыбы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басқармасы төрағасының орынбасары С.Могильный, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мекемелерінің жетекшілері сөз сөйледі.

Көшпелі отырыс аясында сенаторлар «Астрахань бройлер құс фабрикасы» ЖШС-де және көпсалалы «Бастау» ЖШС-де болып, өндіріске инновациялық технологияның енгізілуімен танысты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар