- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары 1 млн теңге ақшалай сыйлық алды (Фото)
Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары 1 млн теңге ақшалай сыйлық алды (Фото)
«Біз - атаны асқар тауға, ананы мөлдір бұлаққа, баланы жасыл құраққа теңеп, бала тәрбиесін ұлы мақсат тұтқан елміз. Сондықтан ата заманнан қалыптасқан осы ұлттық тәрбиені өскелең ұрпаққа жеткізу - біздің қасиетті борышымыз. Сондықтан Елбасы әр Жолдауында көпбалалы отбасына, ана мен балаға қамқорлық жасауға және өмір сапасын жақсартуға үнемі көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған осы «Мерейлі отбасы» байқауы жыл өткен сайын өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Себебі байқауға қатысушы отбасылар саны да жылдан жылға артып отыр. Өткен жылы 172 отбасы қатысса, биылғы жылы конкурста 253 отбасы бақ сынады. Бұл - қуанарлық жай. Байқауға қатысушылардың барлығын да құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке-бірлік, өнегелі ғұмыр тілеймін!» - деді облыс басшысы А.Баталов.
Марапаттау рәсімінде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы ретінде алакөлдік Оспановтар әулеті мен Панфилов ауданынан келген Қалиевтер отбасы аталып, облыс басшысы әр отбасына 1 млн. теңгеден ақшалай сыйлық пен дипломдар тапсырды.
Сол сияқты байқаудың «Өрелі рухты отбасы» номинациясы бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан Донбаевтар отбасы мен Ескелді ауданынан Исмайыловтар отбасы жеңімпаз атанса, «Бесігі түзу, несібесі артқан отбасы» номинациясында Ұйғыр ауданынан келген Васлиовтар мен Райымбек ауданынан Назаровтар қара үзіп шықты. Оларға арнайы дипломдар мен теледидар сыйға тартылды.
Байқауға қатысқан өзге де 32 отбасының әрқайсына 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық және облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Шара барысында ерлі-зайыпты өнерпаздардың әні мен биінен концерттік нөмірлер ұсынылды.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс