- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Словения парламентаралық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Қазақстан және Словения парламентаралық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Словения Республикасы Ұлтық Ассамблеясының вице-президенті Примож Хайнцпен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы мәселелері және Қазақстан мен Словения парламентаралық ынтымақтастығының болашағы талқыланды.
Қ.Сарыбай Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялардың кеңеюіне, мәдениет пен білім салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға мүдделілігін атап өтті. Сонымен қатар, экономикалық қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі екі ел іскерлік топтарының бастамаларына саяси қолдау көрсетудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл тұрғыда екі ел кәсіпкерлерінің қоғамдық бастамасымен Любляна және Алматы қалаларында 2014 жылдың соңында құрылған Қазақстан-словен бизнес клубының (КСБК) жұмысы айқын көрсетілді.
Өз кезегінде, Словения Республикасы Ұлтық Ассамблеясының вице-президенті П.Хайнц Словения Парламентінің Қазақстан Республикасымен екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін растады, сондай-ақ осы бағыттағы қабылданып отырған барлық
іс-қимылдарға жәрдемдесуге және қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді.
Словения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Драголюб Бенчинамен өткен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде маңызды экономикалық келісімдерге қол қою жоспарланған Қазақстан-словен үкіметаралық комиссиясының ү.ж. қыркүйектегі кезекті отырысы талқыланды.
Қазақстан елшісі Словения бизнес қоғамдастығының өкілдерімен, атап айтқанда КСБК Люблян офисінің мүшелерімен және ірі словен қалалары Ново-Горице мен Мариборе қалаларындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына ықтимал кандидаттармен кездесу өткізді. Олармен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты жоспарлар мен Словенияда Қазақстан туралы білімді сүйемелдеу жөніндегі шаралар талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді