- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Сосновскийлер отбасы жеңімпаз атанды (Фото)
ШҚО-да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Сосновскийлер отбасы жеңімпаз атанды (Фото)
Осы уақытқа дейін облыс «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауына іріктеу кезеңі өткізіліп, өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан өнерлі отбасылар республикалық сайысқа жолдаманы сарапқа салған. «Отбасы күніне» орай, Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырылып, үлгілі де үздік отбасылар жүлделі орындарға ие болды. Жиылған жұртшылықты облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мерекелерімен құттықтады.
« Отбасын сақтау ең біріншіден – мемлекетті сақтау! Отбасының бауыры бүтін болса, демек елдің де жағдайы түзу болады. Облысымызда 17 мың көпбалалы ана тұрады. Өңірдегі балалардың 98%-ы балабақшамен қамтылған. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – әр отбасының бақытты өмір сүруіне жағдай жасау. Отбасыларымыздың іргесі берік болсын.Бүгінгі күні анықталған жеңімпаз отбасы республикалық сайыста облысымыздың атақ-абыройын асқақтатады деген сенімдемін», – деді Ж.Омар.
Облыстық отбасылар сайысының қорытындысы бойынша, Зырян ауданынан келген Сосновскийлер отбасы бірінші орынға ие болды. Жүлдегер жанұяға Алакөлге демалыс базасына тегін жолдама берілді. Ал екінші орынды семейлік Сағындықовтар отбасы жеңіп алса, үшінші орынды Катонқарағайдан келген Нұрғазиевтар отбасы иеленді.
«Бізбен бірге сайысқа түскен отбасылардың ешқайсысы осал емес. Республикалық сайысқа баруға кез келгені лайық. Бірақ біздің ең басты бақытымыз жеңісте емес, отбасылық махаббатымызда. Барлықтарыңызды отбасы күнімен құттықтаймын», – деп тілегін білдірді Сосновскийлер отбасының мүшесі Татьяна Сосновская.
Көңілді концертке ұласқан салтанатты шарада жұртшылыққа «Үміт» балалар үйінің «Аққу-Үміт» би ансамблі өнерін паш етіп, өнерлі Омаровтар отбасы әннен шашу шашты.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ