- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Мерейлі отбасы» өңірлік кезеңінде 3 отбасы жеңімпаз атанды
Алматыда «Мерейлі отбасы» өңірлік кезеңінде 3 отбасы жеңімпаз атанды
Үлгілі отбасыларды марапаттау салтанатына Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қоғамдық ұйымдардың, отбасыларды әлеуметтік қолдау бірлестіктері мен дағдарыстар орталықтарының өкілдері қатысты.
Қала әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл байқаудың отбасының адамгершілік қасиеттерін, отбасы мен некенің өміршеңдігін үлгі етуде, жалпы отбасының мәртебесін арттыруда барынша маңызды әрі актуальді екендігін атап өтті.
«Осынау отбасылық тамаша фестивальдің маңызы өте зор. Оған дәлел - биылғы байқауға былтырғы жылға қарағанда екі есе көп отбасының қатысуы.Олардың барлығы түрлі кәсіптің, этностың және еңбек әулетінің өкілдері», - деді Ахметжан Есімов.
Мемлекет отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Нәресте өмірге келген кезде бір реттік жәрдем ақша және бала бір жасқа толғанша әлеуметтік жәрдем көрсетіледі әрі көпбалалы аналар да жәрдем ақша алады. «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарлама аясында 800-ден астам көпбалалы және жас отбасы өзге де әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындармен бірге пәтер кілттерін алды.
Қала басшысы сыйлықтарды тапсыру барысында Алматыдағы отбасылық- демографиялық жағдайдың оң динамикасын атап өтті.Мысалы, соңғы 5 жыл ішінде мегаполис тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 4 жылға артып, 74,6 жасты құраған (ерлер – 70,2, әйелдер – 78,3). Өмірге сәбидің келу динамикасы да тұрақты. Мысалы, өткен жылы Алматыда 42 мың нәресте дүниеге келген, бұл - еліміздің әрбір тоғызыншы баласы. Ана өлімі 6есе, ал сәби өлімі 2 есе төмендеген.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр