- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Халықаралық эпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валлды қабылдады
ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Халықаралық эпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валлды қабылдады
Кездесу барысында ХЭБ басшысы С.Ахметовке Ұйымның қызметі туралы және Қазақстанмен әріптестіктің перспективалары туралы айтып берді. Б.Валл сондай-ақ Астанада аусыл ауруы бойынша субаймақтық үйлестіру офисі ашылғанын хабарлады.
ХЭБ офисін құрудың мақсаты орталық Азия елдері мен онымен шекаралас аудандарда аусыл ауруына бақылауды күшейту үшін құзырлы ветеринарлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру болып табылады.
Премьер-Министр ХЭБ-пен өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, сонымен бірге «ветеринарлық қызметке жаңа стандарттар енгізу, оны жаңғырту мәселесінің Қазақстан үшін аса маңызға ие екенін» айтты.
Кездесу соңында тараптар аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының Астана қаласында субаймақтық үйлестіру офисін құру туралы Келісімге келді. Оған ХЭБ бас директоры Б.Валл, Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков қол қойды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады