- Басты
- Жаңалықтар
- Уэльстің іскерлік топтары Орталық Азиядағы Қазақстанның көшбасшылық рөлін атап өтті
Уэльстің іскерлік топтары Орталық Азиядағы Қазақстанның көшбасшылық рөлін атап өтті
Сапар барысында Е. Қазыханов Кардифф қаласының мэрі Д. Уолкермен, Уэльс Ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары Д. Мелдингпен, Уэльс Үкіметінің бизнес, экономикалық ғылымдар және көлік басқармасының директоры М. МакГуаермен, сондай-ақ академиялық және іскерлік топтар өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен бірге, Е. Қазыханов Кардифф Университетінің Медицина мектебі онкология және генетика Институтының профессоры Д. Киплингпен және Уэльстің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.
Кездесулер барысында Елші Қазақстанда орын алып жатқан саяси және экономикалық реформаларға баса назар аударды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның әлемдегі тез дамып келе жатқан экономикалардың ондығы қатарына енетіндігін атап өтті. Біздің еліміз аймақтық сауда және инвестициялар орталығына және жаhандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған көптеген халықаралық бастамалардың авторына айналды. Мұндай бастамалар қатарына Астана экономикалық форумын, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін және Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін жатқызуға болады.
Өз кезектерінде, Уэльс басшылығының және іскерлік топтарының өкілдері маңызды реформалар мен тиімді әлеуметтік және экономикалық саясат жүргізіп жатқан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші рөлін атап өтті. Қазақстанның өз экономикасын жаңартудағы және жоғары технологияларды тартудағы күш-жігеріне назар аударған Уэльстік бірқатар компания қазақстандық өнеркәсіптің түрлі салаларында нақтылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Уэльстің академиялық топтарымен болған кездесуде білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, Уэльс университеттері бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыруға және қазақстандық студенттерді «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға қабылдауға қызығушылықтарын білдірді. Сонымен бірге, Уэльс өкілдері британдық студенттердің Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында магистрлік мамандықтар бойынша білім алу мүмкіндігі мәселесіне де назар аударды.
Сапар барысында Елші Е. Қазыханов шымкенттік Арман есімді баланы асырап алған британдық Пол және Сара Эллиоттар отбасымен де кездесті.
Жалпы, Елші Е. Қазыхановтың Уэльске сапары сындарлы және достық ахуалында өтті. Сапар Қазақстан мен Уэльс Князьдығы арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары