ШҚО-да ЕАЭО өкілдерінің қатысуымен конференция өтті

5 Маусым, 2015 18:36
Өскеменде Еуразиялық экономикалық одағы өкілдерінің қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одақтағы монополияға қарсы реттеу» атты конференция өтті.

Шара барысында мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері трансшекаралық тауар нарықтарында қазақстандық кәсіпорындар үшін бірдей бәсекелестік жағдайын қалыптастыру, сондай-ақ онда белгілі бір тарапқа басымдық берудің, бәсекеге қарсы келісімдердің жолын кесу мәселелері сөз болды, деп хабарланды Ақпарат орталығынан.    

Саудалау жұмыстарын ынталандырудың сапасын арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің энергетика, көлік, байланыс, автомобиль өнеркәсібі сияқты салаларға көңіл бөлінді.  

 «Одақ 175 миллионнан астам адамдарды біріктіреді, 20 миллион шаршы километр, яғни әлемдегі құрлықтың 15 пайызы. ЕАЭО елдері дағдарысқа қарсы бірлескен шараларды сәтті жүзеге асыруда. Яғни осы уақытта Еуразиялық даму банкі, Дағдарысқа қарсы қор, Жоғары технологиялар орталығы қызмет етуде. Еуразиялық экономикалық одақ аясында 40-тан астам мемлекет өкілдері ынтымақтасуға ниет білдірді»,-деді Даниал Ахметов.  

Жиын соңында ЕАЭО-ның монополияға қарсы реттеу мен бәсекелестік саясатын ұдайы, жан-жақты түсіндіру, ұйымның бәсекелестік пен оның талаптарын бұзған жағдайда қандай жауапкершіліктер қарастырлатыны туралы көбірек насихаттау, Қазақстан мен ЕЭК бәсекелестік мен монополияға қарсы реттеу бойынша ынтымақтастықта жмыс істеу қажеттігі айтылды.   

 

Барлық жаңалықтар