- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 9 отбасы «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы атанды (Фото)
Қызылорда облысында 9 отбасы «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы атанды (Фото)
Отбасы - қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы, адамның өте маңызды, жауапты жан ұясы. Мемлекетіміздің мызғымас беріктігі ондағы жанұялардың бақытты, саламатты болуына тікелей байланысты. Отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында Елбасының қолдауымен «Мерейлі отбасы» жобасы жүзеге асып келеді.
Салт-дәстүрді жаңғыртуға, отбасылық тәрбиенің озық үлгісін көрсетуді көздейтін байқаудың алғашқы кезеңдері аудандарда өткізілді. Ал облыстық сайысқа тек үздік отбасылар қатысты. Жарысқа қатысқан барлық отбасын үлгі етуге болады.
Байқау қорытындысы бойынша Арал ауданынан келген Айымбетовтер әулеті мен жалағаштық Нұрманбетовтер әулеті бірінші орынды иеленді. Бұл отбасыларға отандық шипажайға жолдама берілді. Тиісінше екінші орынды Сәдуақасовтар әулеті (Сырдария ауданы) мен Абылбековтер әулеті (Қызылорда қаласы) иеленсе, үздік үштікті Дямуршаевтар әулеті (Қармақшы ауданы) мен Жұмабековтер әулеті (Сырдария ауданы) қорытындылады.
Ал Бакировтер отбасы (Шиелі ауданы) «Берекелі шаңырақ» номинациясын, Шәкеновтер отбасы (Жаңақорған ауданы) «Денсаулық бағбаны» номинациясын, Сексенбаевтар отбасы (Қазалы ауданы) «Білім нұры» номинациясын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломмен мен сыйлықтармен марапатталды.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады