Мәжілісте атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасы қаралады

5 Маусым, 2015 16:24
Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді.

Палатаның жалпы отырысына Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқылауға шығарылады.

Сонымен қатар, депутаттарға Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуіне қатысты заңнамалық түзетулерге қатысты салалық комитеттерге қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылмақшы.

 

Барлық жаңалықтар