ҚР Білім және ғылым министрі ҰБТ-да 125 балл алған түлектерді құттықтады

5 Маусым, 2015 16:08
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық Бірыңғай тестілеуде ең жоғары балл алған түлектерге жазбаша құттықтау хатын жолдады.

«Өздеріңнің көрсеткен нәтижелеріңмен сіздер тек ерекше ой қабілеттіліктеріңнің жоғары екендігін көрсетіп қана қоймай, білімге деген құштарлық пен еңбекқорлық мінездерінді дәлелдей білдіндер.Білім беру ведомствасының басшысы сонымен қатар, тер төгіп мектеп қабырғасында білім алған еңбектеріңнің жемісі ендігі кезеңде беделді жоғары оқу орындарына түсуге айқара есік ашып тұрғандығын айтып өтті. Болашақта қандай мамандық таңдауларыңызға қарамастан, көшбасшылық пен табыс сіздер үшін жақсы дәстүр бола берсін» - деді министр А.Сәрінжіпов.

Осы жылдың  5 маусым есебі бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балдық нәтижені төрт оқушы көрсетті. Олар Гульназ Ердосова, Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі, Риана Мустафина, Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің түлегі, Сымбат Самат, БҚО Теректі ауданының «Үміт» лингвистика гимназиясын бітіруші түлек және Лаура Абдразимова ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар