- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері талқыланды
Астанада саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері талқыланды
Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік саясатты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тәсілдерін үйрету. Семинар тыңдаушылары облыс әкімдері мен орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ ҮЕҰ басшылары болды.
Семинарға Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен және Ұлттық комиссия мүшесі – «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚБ президенті Р.Б.Сәрсембаева қатысты.
Елена Тарасенко Ел Президентінің мемлекетімізді нығайту үшін белгіленген бес институтталған реформасын жүйелі жүргізу «гендерлік құрамдас бөлік» болып табылатын маңызды фактормен тікелей байланысты екенін атап айтты. Себебі әйелдер ел халқының жартысын құрайды, ал олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі жартысынан асады (55%). Е.И.Тарасенко Ұлттық комиссияның жұмысы жаңа реформалар аясында құрылғанын, және алда әйелдерді еліміздің барлық қоғамдық-саяси және экономикалық салаларына барынша тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын айтты.
Семинарда танымал халықаралық сарапшылар және кеңесшілер тренер болды. Семинар аясындағы сапар кезінде Ұлттық комиссия басшыларының облыс әкімі С.В. Кулагинмен жұмыс барысындағы кездесуі болып, онда өңірдегі әйелдерді саяси ілгерілету мәселелері талқыланды.
Содан кейін Ұлттық комиссия басшылары Ақмола облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, онда Көкшетау қ. әкімінің орынбасары А. Амренованың және облыстың Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А. Тажмиеваның өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері туралы есептері тыңдалды.
Сонымен қатар әйелдер бизнесінің әлеуметтік нысандарына және адам саудасынан зардап шеккендерге арналған баспанаға барды.
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлеймен «Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында бүгін еліміздегі түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасында отбасылық дәстүрлер қоғамда биік адамгершілік құндылықтарды сақтауға, неке және отбасын нығайтуға ықпал етіп отырғанын, отбасының ғана емес, бүкіл мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуі дәл осыған байланысты болып табылатынын» атап айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы