- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияда «Қазақстан» мәдениет орталығы ашылды
Түркияда «Қазақстан» мәдениет орталығы ашылды
«Мәдениет орталығында Қазақстанның тұрмысы, дәстүрі және мәдениетінің экспонаттары, еліміз туралы көркем және фото суреттері, түрік тіліне аударылған Қазақстан мен қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы кітаптар қойылды», - делінген хабарламада.
Жаңадан ашылған орталық бірқатар мәдени жобалар ұйымдастырып, ең алдымен «Қазақ киносының апталығын» өткізбек, оның шеңберінде түрік тіліне аударылған «Менің балалық шағымның аспаны», «Қыз жібек», «Көшпенділер», «Бәйтерек», «Тақиялы періште» және тағы басқа қазақстандық көркем фильмдері көрсетілді.
Ж. Түймебаев ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде екі бауырлас елдің арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның мәдени өмірі мен туристік әлеуеттілігі жайында ақпарат беріп, еліміздің көрнекі жерлерін көруге шақырды.
«Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті, тілі мен тарихи тамырларының ортақтығы бауырлас республикалар арасындағы тығыз байланыстарды дамытуда. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және әлеуметтік ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесу, сонымен қатар қазақ мәдениетімен жақын танысуға ниеттілердің барлығына мүмкіндік беру Орталықтың мақсаты болып табылады», - деп, Ж. Түймебаев қорытындылады.
Жейхан қаласының мэрі Ә. Өзтүрік Қазақстанның мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің көпұлтты және көпконфессионалды қоғамды құруда ерекше тәжірибесін атап өтті.
«Гуманитарлық саласы бойынша екіжақты байланыстардың нығаюына едәуір көңіл бөлген екі елдің көшбасшыларының тікелей жәрдемдесудің нәтижесінде, соңғы жылдарда Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу белсенділігін арттырып, қазақ пен түрік халықтарының мәдениеті, музыкасы мен философиялық-әдеби мұрасымен таныстыратын көрмелер мен гастрольдер, халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда», - деп, Жейхан қаласының мэрі мәлім етті.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанның тұрмысы, дәстүрі мен мәдениетінің экспонаттарымен аса қызығушылықпен танысты.
Жейхан қаласында ең ірі түрік мұнай құятын порттарының бірі қаламен бірдей атауы бар «Жейхан» порты орналасқан. Қазіргі таңда Жейханға дейін «Баку – Тбилиси – Жейхан» және «Киркук – Жейхан» екі ірі мұнай құбыры тартылған. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, Жейхан терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 170-210 млн. тонна мұнай шикізатын құрайды. Жейхан Түркияның ауылшаруашылығы өнеркәсібінің маңызды ауданы болып табылады. Ауданда жыл сайын 250 мың тонна бидай, 150 мың тоннадан астам мақта және басқалары өндіріледі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды