А.Бушез: Орталық Азия көмірсутекті шикізаттың ірі жеткізуші

5 Маусым, 2015 13:57
Орталық Азия көмірсутекті шикізатты өндіру тарату бойынша ірі жеткізушінің бірі, деді Қазақстандағы Еуропалық Одақ Төралқасының басшысы Аурелия Бушез ЕҰУ-де өткен «Еуропалық одақ және Орталық Азия: Ынтымақтастық болашағы» атты конференцияда.

«Орталық Азия көмірсутекті шикізатты жеткізудің ірі тасымалдаушысы, ЕО саясаты әртараптандыру негізінде жұмыс істейді, ОА-да жоғары әлеует бар. Әртараптандыру стратегиясы  екі бағытқа бағытталған: импорттың әртараптандырылуы және сарапшылықтың өндірістігі. ЕО Түрікменстан мен Әзірбайжанмен оңтүстік газ дәлізін кеңейту бойынша келіссөздер жүргізуде», - деді А.Бушез.

Елші айтып өткендей, Қазақстанмен қол қойылған құжатта энергетика және баламалы энергия көздерін жеткізу мәселелері белгіленген.

«ЕО Қазақстандағы су ресурстарының маңыздылығын байқатады. Біз ОА елдеріне біз ұсынған платформаларды қолданылып жатқандығы қуаныштымыз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар