- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: БҰҰ БЖКБ-мен ынтымақтастық біздің сыртқы саясатымыздағы басымдықтардың бірі
Г.Әбдіқалықова: БҰҰ БЖКБ-мен ынтымақтастық біздің сыртқы саясатымыздағы басымдықтардың бірі
Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов және Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Тұрғымбаев қатысты.
Кездесу басында Г.Н.Әбдіқалықова Б.Дойлды және БҰҰ БЖКБ ұжымын Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығымен құттықтады. Бұл ретте, Мемлекеттік хатшы БЖКБ-сын босқындардың құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы ғаламдық, өңірлік және ұлттық деңгейдегі БҰҰ құндылықтары мен мақсаттарын сақтап қалуды жүзеге асыратын жетекші xалықаралық агенттік ретінде қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен БЖКБ арасындағы босқындардың құқықтарын қорғау аспектілері бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейде екені айтылды.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан қоныс аударған адамдар үшін белгіленген және транзиттік ел болып табылатынын атап өтті. Осы орайда, БЖКБ-мен арадағы ынтымақтастық байланысы біздің сыртқы саясатымыздағы басымдықтардың бірі болып қалуда. Қазіргі таңдағы халықаралық және өңірлік шиеленістің аясында Орталық Азиядағы болуы мүмкін қауіптердің алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстар жүргізу қажет. Сонымен бірге, соңғы кезде заңды еңбек көші-қонымен қатар заңсыз еңбек көші-қонына және босқын мәртебесін теріс пайдалануға қарсы күрес жүргізу де өзекті мәселеге айналуда.
Кездесу шеңберінде көші-қон саласындағы қазақстандық мамандардың деңгейін арттыру және оларды дайындау, Алматыда БҰҰ Хаб бөлімшесінің ашылуы, тағы басқа маңызды мәселелер талқыланды. Хаб бөлімшесінің жұмысы босқындардың құқықтарын қорғау барысында өңірлік қауымдастықтың нығаюын біріктіруге ықпал беретіне сенім білдірілді.
Бұларға қосымша, Қазақстан мен БҰҰ агенттігі арасындағы өзара ықпалдасу тақырыбында Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және басқа да мәселелерді шешуге ықпал беретін, сондай-ақ қоныс аударушылар мен көші-қон ағынын азайтуға септігін тигізетін KazAid агенттігін құру мәселесі де талқыланды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық