• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша өзін өзі қамтамасыз етуге кірісті

ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша өзін өзі қамтамасыз етуге кірісті

5 Маусым, 2015 15:03
II Бүкіләлемдік агрофорум аясында Бүкіәлемдік ЭКСПО-2015 әмбебап көрмесінің алаңында Миланда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Сергей Сидорский Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аймағында азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудің жағдайы мен болашағы туралы айтып берді, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз-қызметі.

С.Сидорский өзінің сөзінде, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың нәтижелері мен ЕАЭО ортақ нарығындағы негізгі ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету туралы мәліметтерді ұсынды. Кедендік Одақ құрылғалы ауыл шаруашылығы тауарларының өсімі  27 пайызды құрады.

«2014 жылы ауыл шаруашылығындағы өнім 140 миллиард АҚШ долларына жетті. Тағам өнімдерін қоса алғанда, АӨК өнімдері 285  миллиард АҚШ долларын құрады. ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары бойынша өзара айналымы 60 пайызға көбейді. Одақ дәнді дақылдар бойынша өзінің қажеттіліктерін толықтай өтеуде. Дәнді дақылдар нарығының экспорттық әлеуеті 35 миллион тоннаға жетті», -деді министр.

Оның сөзінше, алдағы бірнеше жылда өзге де ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша өзін өзі қамтуға қол жеткізу болжануда. Инвестиция салып, сәтті агробизнес құру үшін мүмкіндіктер өте көп.  

Министр сонымен қатар, кооперация, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік деңгейі бойынша жаңа стандарттарды бекітіп, ал ескілерін жетілдіру бойынша БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарымен байланысы туралы ақпараттандырды.   

Сөз соңында, С.Сидорский агроөнеркәсіп кешенінде келісілген саясатты жүзеге асыру - ЕАЭО елдерін әлемдік нарыққа ірі азық-түлік жеткізушілер ретінде танытуға ықпал ететіндігін атап өтті. Соңғысы әсіресе құс еті мен шошқа еті үшін өзекті болып отыр, өйткені Одақ аталған азық-түлік түрлері бойынша жеке өздерінің өндірісі есебінен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.    

Барлық жаңалықтар