• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Бушез: ЕО мен ОА арасындағы сауданы ілгерілету Қазақстанның ДСҰ -ға кіруіне ықпал етеді

А.Бушез: ЕО мен ОА арасындағы сауданы ілгерілету Қазақстанның ДСҰ -ға кіруіне ықпал етеді

5 Маусым, 2015 11:46
Еуропа Одағы мен Орталық Азия арасындағы сауданы ілгерілету Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне және одан ары өсіміне ықпал етеді, деп мәлімдеді Қазақстандағы Еуропа Одағы Үкіметінің басшысы Аурелия Бушез ЕҰУ-дағы конференция барысында.

«Адам құқықтары бойынша құрылымдық диалог пен аймақтағы елдердің арасында қол жеткізілген басты келісімдер бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Сонымен қатар біз  ЕО мен ОА арасындағы сауданы дамытуға қолдау көрсетуді жалғастырамыз, ол ДСҰ мәліметі бойынша 8%-ға өсті», - деді А.Бушез.

Бұдан басқа, ЕО елшісі ЕО мен ОА елдері арасындағы білім беру саласын атап өтті.

«ЕО мен ОА стратегиясы Erasmus Mundus пен Tempus бағдарламалары бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізді. ЖОО-лар жақсы бейңімділікті көрсетті, сондықтанда бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Бүгінде біз «Horizon 2020» жаңа бағдарламаны іске қостық, оның бюджеті 80 млрд еуроны құрады. Бұл қаржыландыру 2014-2020 жылдар аралығында 7 жыл бойы қол жетімді болады», -  деп түсіндірді А.Бушез.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар