• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕО пен Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа кеңейтілген келісімге қол қоюға дайындалуда

ЕО пен Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа кеңейтілген келісімге қол қоюға дайындалуда

5 Маусым, 2015 11:27
Орталық Азиядағы Еуропалық Одақ тиімділікті арттырып, келесі жылы ұсынылатын жаңартылған Стратегияның негізгі мақсаттарына серпін бермекші, деді ЕО Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез «Еуропалық одақ (ЕО) пен Орталық Азия (ОА): ынтымақтасттықтың болашағы» атты тақырыпта Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен конференцияда.

«Біздің мәжілісіміздің мақсаты - болашақ ынтымақтастығымыздың перспективалары туралы ой бөлісу. Біз келесі жылдың күзінде ЕО пен ОА арасында өтетін министрліктер мәжілісінде жаңартылған Стратегия ұсынылады деген  сенімдеміз. Біз міне, көптеген жылдардан бері бірге жұмыс істеп келеміз, алғашқы Стратегия 2007 жылы қабылданды, бірінші құжатта көрсетілген адам құқықтары, құқық үстемдігі, жастар мен білім, сауда мен инвестиция, энергетика мен көлік, қоршаған орта мен су ресурстары, ортақ қауіптер мен қатерлер сияқты бағыттар жаңартылған Стратегияда да сақталады»,-деді А.Бушез.    

Оның сөзінше, Орталық Азиядағы ЕО тиімділікті арттырып, жаңартылған Стратегияның негізгі бағыттарына екпін түсіруі керек.

«ЕО аясында біз басты назарды бюджетке түсіреміз. 2014-2020 жылдарды қамтитын Орталық Азиядағы ЕО-тың екіжақты аймақтық ынтымақтастықтың жаңа бадарламасы 1 миллиард 28 миллион еуро көлемінде қосымша қаржыландыруға ие болды. Бұл дегеніңіз 2007-2013 жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп деген сөз»,-деді А.Бушез.

Осылайша, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасы жақындай түсті. Енді Қазақстан мен ЕО әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа кеңейтілген келісіміне қол қоюды жоспарлап отыр. Бүгінгі Стратегияның негізқалаушы жетістіктеріне сүйене отырып, жаңа Стратегия геосаяси және экономикалық жағдай негізінде нақты бағыттар бойынша екіжақты әріптестікті нығайтып, кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар