• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ИИДМБ аясында полиэтилен құбырлары мен асфальт бетон өндірілуде

Астанада ИИДМБ аясында полиэтилен құбырлары мен асфальт бетон өндірілуде

5 Маусым, 2015 13:08
Астанада Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Iскер-ЖК» ЖШС полиэтилен құбырлары мен асфальтобетон өндіруде, сонымен қатар, битумды сақтау қызметін атқаруда.

Компания «Астана-Жаңа қала» АЭА қатысушы және өз қызметін Индустриалды парк аумағында жүзеге асыруда. Аталмыш жоба 2011  2012 жылдар аралығында жүзеге асырылды, ол үшін 836 млн теңге бөлінді.

«Өндіріс қуаттылығы: бір маусымда түрлі маркідегі асфальтобетон - 250 000 тонн. Су құбырлары үшін полиэтилен құбыры 50-ден 300 мм дейін, 350-ден 630 мм дейін жылына 1200 тонна. Кәріз үшін полиэтилен құбырлары 300-ден 600 мм дейін жылына 800 тонн. Жалпы сомасы 1,9 млрд теңге», - деп хабарлады «Астана-Жаңа қала» АЭА  баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда «Iскер-ЖК»ЖШС 468,2 млн теңгенің өнімін өндіріп үлгерді. Кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар