- Басты
- Жаңалықтар
- Сербияда Қазақстан өкілдігі ашылды – ҚР СІМ
Сербияда Қазақстан өкілдігі ашылды – ҚР СІМ
ҚР СІМ хабарлағандай, А. Волков Белградта Сербия Президенті Томислав Николичпен, Сербия Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ төрағасы Ивица Дачичпен, Сербия Премьер-министрдің орынбасары – Сауда, туризм және телекоммуникация министрі Расим Ляичпен, Сербия Әділет министрі Никола Селаковичпен және Серб православ шіркеуінің Патриархы Иринеймен кездесті.
Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар барысында екі жақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Аталған сапардың басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің Белградта тұрақты орналасуымен бөлімшесінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ Сербия Республикасындағы Қазақстанның Құрметті консулы Миланка Каричтің ресми ұлықтау рәсімі болды. Осы тарихи сәттен Қазақстан Республикасының Сербия Республикасында дипломатиялық қатысуы басталады.
Ашылу салтанатына қабылдаушы елдің жоғарғы басшылығы, ғылыми зиялы қауым, саяси истэблишмент, дипломатиялық корпус, ірі кәсіпкерлер, қазақ диаспорасының өкілдері және Парламент мүшелері қатысты. Іс-шара барысында серб тіліндегі, «Нұрсұлтан Назарбаев.
Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысқандар ҚР Тұңғыш Президентінің саяси өмірбаянымен, оның Қазақстанның нығаюы мен дамуына қосқан үлесімен, еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктерімен таныстырылды.
И. Дачич өз кезегінде Сербия саяси және іскер топтарында Қазақстан туралы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде тұрақты оң көзқарастың қалыптасқанын айтып, еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен төзімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілету салаларында Орталық Азия өңірінде үлгілі елге айналғанын атап өтті. Ол тағдыршешті кезеңде ел басшылығына келген Н.Назарбаевтың тарихи шешімдерімен белгіленген Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИКҰ ұйымдарында сәтті төрағалығы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі халықаралық қауымдастықта еліміздің және Президентіміздің жеке беделінің артуын дәлелдейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты