• Басты
  • Алматыда Қазақстанның энергия тиімділігі талқылануда
5 Маусым, 2015 11:21

Алматыда Қазақстанның энергия тиімділігі талқылануда

Алматыда «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық Форум өтуде.
Алматыда Қазақстанның энергия тиімділігі талқылануда | Strategy2050.kz

Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Алматы қаласы әкімдігімен, Энергия тиімділік және ресурсүнемдеу қоғамдық палатасымен, ҚР ТКШ мен құрылысы Ұлттық Палатасымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ-ң Даму Бағдарламасының қолдауымен Алматы қаласында «Энергия тиімді Қазақстан» атты Республикалық Форум өткізуде.

Энергия тиімділігі саясатын жүзеге асыру Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың индустрияландыру бағдарламасы аясындағы тапсырмасынан басталған болатын. Елбасының басты тапсырмасы – жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10%-ға және 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету. Осыған байланысты Үкімет біраз жүйелі шаралар қабылдады, деп хабарлады ҚР ИДМ.

ҚР-ның «Энергия үнемдеу  және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңы қабылданды, 22 нормативтік құқықтық акт бекітілді, «Энергияны үнемдеу – 2020» Бағдарламасы қабылданды. Энергияны үнемдеудің 16 өңірлік және 5 салалық жоспарлары жүзеге асырылуда.

Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру мәселелерін жан-жақты талқылау.

Форум жұмысына ҚР Парламент Мәжіліснің депутаттары, ҚР министрліктері мен ведомстваларының, жергілікті атқарушы органдарының, салалық қоғамдық ұйымдардың, бизнестің, БАҚ өкілдері, кондоминиум объектілерін басқарушылар (ПИК, басқарушы компаниялар) мен халықаралық сарапшылар қатысады.

Форум аясында отандық және халықаралық сарапшылар энергия тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстары мен жобалары көрсетілетін болады. Осы жобаларады іске асырылу жолдары да қарастырылады.

Сонымен қатар, энергия тиімділікті арттыру бағытындағы заңнамалық актілерді жетілдіру, энергия тиімді құрылыс, энергия тиімді жарықтандыру, ТКШ-ны басқару, энергосервистік компанияларды еңгізу  де мәселелері талқыланады.

Форум жұмысы барысында Қазақстан Республикасында жарықтандыруда энергия тиімділікті арттыру бойынша іске асырылған пилоттық жобалардың нәтижелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру сұрақтарын шешу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы көмек көрсетуде. Әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, жарықтандыру, көлік шаруашылығы салаларында.

Форум жұмысы барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының сарапшылары осы жоба жайында кең ақпарат береді. Соның ішінде, Алматы қаласында іске асыруға арналған пилоттық жобалардың әртүрлі нұсқалары қарастырылады.

Энергия тиімділікті арттырудың жоспарлары мен алдағы көзделген нәтижелерімен Форум жұмысы барысында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды