- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік елтаңбасы: Шаңырақтың бейнесі - Қазақстанның барлық халықтары үшін бір шаңырақ пен бір Отанның нышаны (БЕЙНЕ)
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы: Шаңырақтың бейнесі - Қазақстанның барлық халықтары үшін бір шаңырақ пен бір Отанның нышаны (БЕЙНЕ)
Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішіндес – бұл Ұлы даланың көшпенділерінің ерекше құрметіне ие болған мәңгіліктің нышаны.
Мемлекттік елтаңбадағы орталық геральдикалық элемент, көгілдір түсте күннің сәуле шашып тұрғандағы көрінісін шаңырақтан тарайтын уықтар бейнелейді. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты құстар бейнеленген. Жоғарғы жағында көлемді бесбұрышты жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Мемлекеттік елтаңбадағы шаңырақтың бейнесі - біздің елімізде тұрып жатқан барлық халықтар үшін бір шаңырақ пен бір Отанның нышаны болып табылады. Шаңырақтың мықтылығы оның айналасындағы уықтарына байланысты болатыны сияқты, Қазақстанның да тұрақты дамуы әрбір азаматтың әл-ауқатына байланысты.
Мүйіздері жарты ай пішіндес болып келетін алтынқанатты тұлпарлар біздің еліміздің бейбітшіліксүйгіштігін паш етіп тұр, сонымен қатар ол халқымыздың елімізді кез-келген уақытта қорғауға дайындындығын көрсетеді. Бесбұрышты жұлдыз мемлекетіміздің барлық 5 континент үшін өзінің ашықтығын білдіреді.
Негізінен мемлекеттік елтаңбада дәулет пен әділдіктің, кеңдіктің белгісі болып табылатын алтынның түсі пайдаланылады. Сонымен қатар тудың көгілдір аспан түстес түсі пайдаланылады, ол алтынның түсімен үндесіп, ашық аспан, бейбітшілік пен бақуаттылықты білдіреді.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады