• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемлекеттік туы: Бүркіттің бейнесі егеменді Қазақстанның әлем өркениетінің шыңына ұмтылуынан пайда болды (ВИДЕО)

ҚР Мемлекеттік туы: Бүркіттің бейнесі егеменді Қазақстанның әлем өркениетінің шыңына ұмтылуынан пайда болды (ВИДЕО)

4 Маусым, 2015 09:51
Ту - мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі. Көне заманнан бері ту халықты бірліктіру қызметін атқарып келген.

1992 жылдың 4 маусымы – дәл осы күні ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері қабылданды. Тәуеліз Қазақстанның рәміздерін жасақтау жалпыхалықтық шараға айналды. Бұл байқау қазақстандық патриотизмнің жарқын мысалына айналды, тек байқаудың шешуші кезеңінің өзінде 245 жоба өзара бақ сынады. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға ғана емес, сонымен қатар саяси талаптарға сай болуы тиіс болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Тудың көк түсі бейбітшілік мен бірлікті білдірсе, бүркіттің бейнесі егеменді Қазақстанның әлем өркениетінің шыңына ұмтылуынан  пайда болды. Ал, күн тіршілік көзін, энергияны, байлық пен молшылықты білдіреді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар