- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ӘӘК ұшқыштары тұңғыш рет «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысына қатысады
ҚР ӘӘК ұшқыштары тұңғыш рет «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысына қатысады
« Байқауға әр мемлекеттен Су-27, Су-30, МиГ-29 типіндегі жойғыш экипаждар, Су-25 типіндегі шабуылдаушылар, Су-24, Су-34 майдандық бомбалаушылар және Ка-52, Ми-8, Ми-24, Ми-28Н тікұшақтар армиялық авиация құрамындағы командалар шақырылады», - делінген хабарламада.
«Авиадартс-2015» байқауына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен МиГ-29 жойғыштары экипаждарының, Су-25 шабуылдаушылары мен Ми-8МТ көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың жұбы қатысатын болады. Бүгінгі таңда маусымның 4-і мен шілденің 18-і кезеңінде «Қызылағаш» және «Қазақстан» авиациялық полигондарында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары арасында іріктеу туры өтеді. Үздік ұшқыштар халықаралық кезеңге қатысады.
Байқауға біліктілік разряды 3-сыныптан төмен емес және жасы 35-ке дейінгі ұшқыштан бастап (экипаж командирі) буын командиріне дейінгі лауазымдардағы ұшқыштар ғана қатыса алатынын атап өткен жөн. Әр команда өздерінің әуе кемелерінде ұшады, екі негізгі (жұп) және бір резервтік жұп. Сайысты өткізу бағдарламасы екі кезеңді қамтиды.
Ол дене және ұшу даярлығын тексеру. Ұшу даярлығы шағын биіктіктерде қарапайым және күрделі пилотажға ұшу тапсырмаларын, әуе навигациясын, маневрлік нысанасы бар әуедегі ұрысты, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдануды және жұп құрамында авиациялық зеңбіректерден оқ атуды қамтиды.
Айта кетейік, байқауды ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасауды Ресей Федерациясы ӘӘК бас қолбасшылығы жүзеге асырады. Байқау 2015 жылғы шілденің 26-ы мен тамыздың 16-ы кезеңінде Ресей Федерациясы (Липецк қ.) Қорғаныс министрлігінің авиациялық персоналы мен әскери сынамаларды дайындау 4-ші мемлекеттік орталық пен «Погоново» және «Дубровичи» авиациялық полигондарында ұшу құрамын жауынгерлік даярлау және қайта оқыту 43-ші орталығында (Рязань қ.) өткізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады