- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау және Павлодар облыстары инновациялық өнеркәсіп өндірісі саласында ынтымақтастық жүргізеді
Маңғыстау және Павлодар облыстары инновациялық өнеркәсіп өндірісі саласында ынтымақтастық жүргізеді
Маңғыстау облысының «Ақтау Теңізпорты» арнайы экономикалық аймағында 32 жобаны іске асыратын субъекті тіркелген, қазіргі таңда оның 9-ы жұмыс жасап тұр. Ағымдағы жылы 5 жобаны іске қосу жоспарланған. «Ақтау Теңізпорты» АЭА 6 субаймақтан тұрады. Оның ішінде жалпы ауданы 2000 гектар болатын жағалау аймағы да бар.
Павлодардың бірқатар кәсіпорындары Маңғыстау облысындағы әріптестерімен бұрыннан ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Мәселен, «Қазэнергокабель» АҚ 2014-2015 жылдары өңірге сомасы 709 млн.теңге болатын кабель-өткізгіш сым өнімдерін жеткізген, «KSP Steel» ЖШС соңғы екі жарым жылда батыс өңіріндегі мұнай-газ кешендеріне сомасы 26 млрд. теңге болатын жіксіз құбыр жеткізген.
Павлодар облысының әкімі Қ.Бозымбаев пен Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі меморандумға қол қойды.
Әлеуметтік бағытта екі өңірдің денсаулық сақтау саласы мамандары озық емдеу-диагностикалау үрдістерін жетілдіру үшін тәжірибе алмасатын болады. Сонымен қатар, білім мен ғылым салалары аясында екі өңір мамандары басымдыққа ие ғылыми-техникалық бағытта бірлескен инновациялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.
Сонымен қатар Маңғыстау мен Павлодар облысы мәдениет мекемелері арасында гастрольдік концерттер, фестивальдер, байқаулар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер ұйымдастырады.
Павлодар өңірінің шығармашылық ұжымдары Ақтау төрінде гала-концерт қойды. Театр әртістері А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясын сахналады. Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өз қорынан «Ертістің Павлодар өңірі тарих толқынында» атты көрме ұсынды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар