• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰҚШҰ әскери контигенттері тексеру барысында жүктелген міндеттерді орындауға даярлығын көрсетті (Фото)

ҰҚШҰ әскери контигенттері тексеру барысында жүктелген міндеттерді орындауға даярлығын көрсетті (Фото)

5 Маусым, 2015 09:08
Душанбеде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдердің делегация басшыларымен өткен кездесуіне қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Осыдан кейін ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Отырыста ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштеріәскери контигенттерінің даярлығын тексеру бойынша тапсырмаларды орындау мәселелері қаралды. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-лейтенант А. Студенкин 2015 жылдың 13-21 мамыры аралығындаТәжікстан Республикасы аумағында өткізілгенҰҚШҰ мүше елдері қарулы күштерінің әскери контигенттері бөлімдерініңҰШҚҰ ЖДҚҰК қауырт тексеру қорытындылары туралы ақпаратты баяндады.

Айта кетейік, мамыр айының соңында Тәжікстан Республикасындағы «Харбмайдон» оқу-жаттығу полигонында өткен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерін қауырт тексеруі аясында қазақстандық әскери қызметшілер үздік даярлық көрсетті. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының әскери контигенті ҰҚШҰ құрамына кіретін мемлекеттердің бөлімшелерімен бірлесіп Тәжікстан Республикасының аумағына басып кірген заңсыз қарулы құралымды жою мәселесін пысықтады.

ҰҚШҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің даярлық деңгейі, олардың жабдықталуы, алыс аралыққа жөнелтілу кезіндегі ұтқырлығы, мақсаттар бойынша тапсырмаларды орындаудағы біліктілігі жоғары бағаланды. Бұдан өзге әскери ынтымақтастық аясындағы отырыста коалициялық әскери құрылымның (ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштер, ӘШҚҚ және РҚҚБірыңғай (Біріккен) жүйесін құру, ҰҚШҰ Біріккен штабының іс-қимылын жетілдіру) өзекті мәселелері, ҰҚШҰ ЖДҚҰК жедел өрістету құжаттарын нақтылау, әскери-техникалық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ мүше елдер үшін негізгі ұйымдардың және оларға әскери кадрларды даярлау жөніндегі филиалдардың мәртебесін қарады.


 

Барлық жаңалықтар