• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негіздерін мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыту керек – депутат

Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негіздерін мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыту керек – депутат

5 Маусым, 2015 08:53
Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негіздерін оқыту бойынша пәндерді жалпыға ортақ мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларына енгізу қажет, деп есептейді Мәжілістегі «Нұр Отан» Фракциясының мүшесі Светлана Романовская, осындай ұсынысты ол ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың атына жолдады.

«Біздің еліміздің болашағы, өскелең ұрпаққа тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындабілім бере отырып, еліміздің экономикалық дамуы, азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігі жоғары салауатты ұлтты қалыптастыру үшін мықты негіз жасаймыз. Алайда жалпыға ортақ мектептер мен жоғарғы оқу орындарында тұтынушылар құқықтарының негізін оқыту жүргізілмейді немесе ақпарат өте аз болғандықтан белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді деп есептеймін», - деп атап өтілген депутаттық сауалда.

Депутат, тұрғындардың тұтынушылық құқықтарын қорғаудағы сауаттылық деңгейін арттыру бойынша, оларды іске асыру қажеттілігі негізделген бірқатар нақты шаралар қарастырылған өтінішті осыдан бұрын ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаевтың атына жолдағанын еске салып өтті.

Жауап берілген хатта тұтынушылар мәдениеті мен тұтынушылар құқының кейбір пәндердің шеңберінде жалпыға ортақ мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқытылатыны атап өтілген болатын, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.

С.Романовскаяның дерегіне жүгінсек, бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының 0,43 % ғана тұтынушылар құқын қорғау қоғамына жүгінеді.

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» РҚБ жүргізген зерттеуі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы іс-шаралардың қанағаттанарлық емес екенін көрсетеді. Проблемалық ахуалдардың көбісі дұрыс және жете түсінбеушілікпен, өздерінің заңды құқықтарын білмеумен байланысты.  Нәтижесінде азаматтар орын алған тәртіп бұзушылық пен наразылық дерегі бойынша шағымданады. Өз құқықтарын білмеу, ақпараттанудың төмендігінің себебі  азаматтардың әлеуметтік, қоғамдық өмірге аз тартылуынан болып отыр», - дейді Светлана Романовская.

Депутаттың айтуынша, тұтынушылық білім бизнес пен тұтынушының арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, тауар мен қызмет нарығындағы ахуалды жетілдіре түседі.


 

 

 

 

Барлық жаңалықтар