- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады
Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады
5 Маусым, 2015 08:37
Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, барлығы 602 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 445 науқас тасымалданып, 130 кеңес берілді және 27 ота жасалды.
Тасымалданған науқастардың 62% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 38% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді.
3 науқас шетелдерден елге әкелінді.
Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, осы кезеңде 4 мәрте донорлық органдар тасымалданды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда