• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар өтті (ФОТО)

БҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар өтті (ФОТО)

4 Маусым, 2015 20:58
БҚО-да ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

ІСБ хабарлағандай, жұртшылыққа арналған шаралар Атоян атындағы стадионда өтті. Онда «Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!»атты эстафетаға бастау берілді.

«Стадионның алаңына 5 парашютші еліміздің Туын желбіретіп аспаннан түсті. Кейіннен Ту жеңіл атлетиканың танымал спортшыларының тобына берілді. Аталмыш топ Шаған өзенінің жағасына бет алды. Онда оларды байдаркамен жүзетін спортшылар күтіп алды. Құрметті эстафетаны алған олар кішкентай қайықтарымен «Динамо» қайық станциясына бет алды. Мұнда оларды бір топ велосипедшілер күтіп алды, олар еліміздің Туымен Оралдың көшелерін аралады. Эстафета барысында спортшыларға жастар, жергілікті халық барынша қолдау көрсетті», - делінген хабарламада.

Эстафета Сырым Датұлы алаңында аяқталды. 

Барлық жаңалықтар