Павлодарда «Менің Қазақстаным» форумына 5000-нан астам адам қатысты

4 Маусым, 2015 20:31
Павлодар қаласында «Менің Қазақстаным» облыстық форумы өтіп, оған 5000-нан астам адам қатысты.

Аймақтың ІСБ хабарлағандай, Іс-шара барысында көгілдір және сары түстес маталар фонында бұқаралық флэш-моб өтті.  Кадет корпусының үздік студенттері Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын алаңға  салтанатты шығару рәсіміне қатысты.  Содан кейін  түрлі салаларда жоғары табыстарға жеткен жастарды марапаттау рәсімі өткізілді.

Форум «Мәңгілік ел» сахналандырылған қойылымымен жалғастырылды, оның негізгі тақырыптық желісі қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. 

Іс-шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткізілетін мерекелік концертке ұласады.

Барлық жаңалықтар