- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов Сауд Арабия елшісімен кездесті
Қ.Жақыпов Сауд Арабия елшісімен кездесті
Кездесу иелері екі ел арасындағы ықпалдастықты, әсіресе, сауда-экономикалық байланыстарды, көпжақты және парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі күшейтуге айрықша назар аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. .
Қ. Жақыповтың айтуынша, алдағы уақытта біздің еліміз аталған мемлекетпен ауылшаруашылығы, фармацевтика, мұнай-газ, басқа да экономикалық басым бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ынталы.
«Өз кезегінде елші Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған күннен бастап өзара түсіністік пен сенім аясында қолға алынып келе жатқан маңызды шараларға көңіл бөліп, алдағы уақытта барлық салада өзара байланысты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, елші Парламент Мәжілісі делегациясын өз елдеріне ресми сапармен келуге шақыра отырып, оның екіжақты қатынасты, соның ішінде, парламентаралық әріптестікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Палата Спикері Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі кандидатурасына, сондай-ақ, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге көрсеткен қолдаулар үшін ризашылығын айтып, тараптың аталған көрмеге белсене қатысатынына сенім білдірді.
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі