• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутат мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады

Депутат мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады

4 Маусым, 2015 18:21
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Бектұрғанов мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

«Әр 15 жыл бойы өткізіліп келе жатқан тестілеу тәртібін өзгерту керек. Менің ойымша, тестілеуді мемлекеттік қызметке түсу барысында, сонымен қатар бір қызметтен екінші бір қызметке ауысу барысында тапсырған жөн. Бұдан басқа, дамыған елдердегідей эссе мен әңгімелесу нәтижесіне көбірек көңіл бөлу керек», - деп ұсыныс жасады Е.Бектұрғанов.

Депутаттың айтуынша, жемқорлықты болдырмау үшін емтихан тапсыру барысында кодтық номерлер пайдаланған жөн.

«Кейбір елдерде емтихан алушылар олардың аттарын білмейді, оларда тек код номері бар. Емтихан нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана кімнің нақты қызметке ауысқанын білуге болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Е.Бектұрғанов бірнеше тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерге қосымша жалақы төлеуді ұсынды.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар