• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ар-ұждан кодексін қабылдау жоспарлануда – депутат

ҚР-да мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ар-ұждан кодексін қабылдау жоспарлануда – депутат

4 Маусым, 2015 18:03
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ар-ұждан кодексін қабылдау жоспарлануда, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

«Реформалау жоспарында мемлекеттік қызметкерлердің ар-ұждан кодексін қабылдау бар. Соңғы ар-ұждан кодексі қабылданғаннан бері 10 жыл уақыт өткенін айту керек, оған жаңа өзгерістер енгізу қажет. Әрбір мемлекеттік қызметкер, әрбір жетекші  өз жұмысында үлгі болуы керек. Ар-ұждан кодексі – бұл 90 мың мемлекеттік қызметкердің  үстелдік жинағына айналуы керек. Әрбір жетекші жұмысқа  келген кезде 5 минут ар-ұждан кодексіне арнауы тиіс», - деді Қ.Сұлтанов.

Өз кезегінде, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов мемлекеттік қызметкер ар-ұждан мәселесі бұл декларативті сұрақ емес.

«Бұл жерде түбірлік проблема – әрбір адамның  мемлекеттік қызметке келгендегі ар-ұждандық қасиеті.Мемлекеттік қызметкердің имиджін адам оң иірімге салуы керек. Мемлекеттік қызметке келген адам мемлекетке, Н.Назарбаевтің айтқан сөзін есте сақтауы керек. Бұл басты құндылық. Оны әрбір мемлекеттік қызметкер білуі керек», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар