- Басты
- Жаңалықтар
- Астана жетімдер үйінің тәрбиеленушілері Муз- ТВ премиясы аясында ресейлік және қазақстандық жұлдыздармен аққайың саябағын отырғызды
Астана жетімдер үйінің тәрбиеленушілері Муз- ТВ премиясы аясында ресейлік және қазақстандық жұлдыздармен аққайың саябағын отырғызды
Шара «Біз инклюзивті қоғам үшін» әлеуметтік акциясы аясында «Дара» қоры мен Муз – ТВ премиясының бастамасымен өткізілді.
«Осы шараға дейін әрбір бала «Менің болашақ отбасым» шығармасын жазды. Бұл шығармалар бір капсулаға жиналды. Бүгін көшеттермен бірге өз армандарына гүл бітірді. Біз олардың армандары шығармаларында жарық көргенін қалаймыз. Меніңше, бұл акцияларды жиі өткізу қажет», - деді балалар үйінің директоры Гүлмира Қарыбаева.
Оның айтуынша, ұйымдастырушылардың арқасында тәрбиеленушілер Муз-ТВ премиясына барады. Балалар үйінде 5-18 жас аралығындағы 164 бала бар. Балалар коттедж үйлерде тұрады. Тәрбиелеушілер оларды күні-түні қадағалауда ұстайды. Екі жыл бұрын балалар үйі жанындағы мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жабылды. Қазір тәрбиеленушілер қала мектептерінде білім алуда. Бұл шара балаларды жылдам әлеуметтендіруге бағытталды.
«Бұл жерде ең таза, шынайы аура қалыптасқан. Мен осында бірнеше мәрте болдым. Мен жетімдер үйінің тәрбиеленушісі ретінде өзге балалар үйлерімен араласамын. Мен қазірдің өзінде шығармашылық жұмыспен балалар үйіндегі істерімді ұштастырып отырамын. Оларға ән айтуды үйретем. Осы жерде менің інілерім мен ағаларым бар, олар осы өмірде өз орындарын тапқанын қалаймын», - деді Евгений Выблов.
Ресейлік әнші Эмин және «Дуэт L» тобы балаларға сәттілік пен армандарының орындалуын тіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда