• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Ұлт жоспары Қазақстанды инвестициялар салу үшін бұдан да тартымды етеді

Н.Назарбаев: Ұлт жоспары Қазақстанды инвестициялар салу үшін бұдан да тартымды етеді

4 Маусым, 2015 16:47
Ұлт Жоспары сапалы, жаңа институционалды ортаны қалыптастырып, Қазақстанды инвестициялар үшін бұдан да тартымды етеді, деді Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші пленарлық мәжілісінде.

«Өздеріңізге белгілі, біз ауқымды институционалды реформаларды жүзеге асыруға кірістік, соның ішінде Қазақстанның инвестициялық климатын одан әрі жетілдіру де бар. Бұл реформалар индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, бірыңғай ұлт болашағын қалыптастыруға, жариялы, есеп беретін мемлекет құруға бағытталған»,-деді Елбасы.  

Президент сондай-ақ институционалды реформалардың  Ұлт жоспары - «100 нақты қадамының» жан-жақты жетілдірілген жоспары қабылданғандығын атап өтті.

«Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласындағы ашық және тиімді нарықты қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, қайта өңдеу секторына трансұлттық компанияларды белсенді тартуды қарастырады. Ұсынып отырған өзгерістерді жүзеге асыру сапалы, жаңа институционалды ортаны қалыптастыруға ықпал етіп, Қазақстанды инвестициялар үшін бұдан да тартымды ететініне сенімдімін»,-деді Мемлекет басшысы.   

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар