- Басты
- Жаңалықтар
- «Агробизнес-2020» бағдарламасы АӨК-ке 70 млрд доллар жеке қаржыны тартуға мүмкіндік береді
«Агробизнес-2020» бағдарламасы АӨК-ке 70 млрд доллар жеке қаржыны тартуға мүмкіндік береді
«Ел экономикасындағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті мен басымдылығы ескеріліп 2013 жылы алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы жасақталып, жүзеге асырылуда. Бағдарламада АӨК-ке мемлекеттік қолдау шараларының көлемін 4,5 есе арттыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде 70 млрд долларға жуық жеке сектордың қаржысын тартуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, 2015 жылы саланы дамыту мақсатындағы субсидиялар көлемі 1 млрд долл. құрады (176,8 млрд теңге), бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп (88,7 млрд теңге).
Субсидиялармен қатар бағдарламада өсімдік және мал шаруашылығы салаларында қаржылай сауықтыру, несие және лизинг бойынша пайыздық үстемақыны төмендету, қарызды кепілдендіру және сақтандыру бойынша шығындарды субсидиялау қарастырылған. Жаңа бағыттардың қатарында инвестициялық субсидиялау бар.
«2014 жылдан бастап өндіріс саласында шикізатты сатып алу үшін кеткен шығынды субсидиялау қарастырлыған. Ал, субсидияланатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне импортқа тәуелді қант, құрғақ сүт, сары май, ірімшік өнімдері енгізілген. Қабылданған шаралардың оң нәтижесі бар», - деп түсіндірді Мамытбеков.
Мысалға, министр хабарлағандай, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сары май өндірісі 11,6%-ға, құрғақ сүт 24,4%-ға артты. 2015 жылы қант қызылшасының егін алқабы мен оның өндірісін өткен жылдармен салыстырғанда 10 есе арттыру жоспарланған. «Бұл тек субсидиялаудың бір жылдық жұмысының нәтижесі ғана», - деді ведомство басшысы.
Индира Кауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды