- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік рәміздер күні ҚР әскери қызметшілері Елтаңба авторымен кездесті
Мемлекеттік рәміздер күні ҚР әскери қызметшілері Елтаңба авторымен кездесті
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 23 жыл толуына орай Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығының басқармасында әскери қызметшілер Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековпен салтанатты кездесу ұйымдастырды», - делінген хабарламада.
Елтаңба авторы авиаторлармен әңгіме барысында еліміздің төл рәміздерін құру, оның Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы маңыздылығы туралы айтып берді. «Әр адамның көш бастаушы жұлдызы болуы тиіс. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет.
Мемлекеттік рәміздердің негізінде біз қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілік, ел тұрғындарының мақтаныш сезімдерін нығайтуға, Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын насихаттауға, Елбасының қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жүргізілетін саясаттын түсіндіруге тиіспіз», - деді Жандарбек Мәлібеков. Осы орайда офицерлер де осынау ерекше күнді әр қазақстандықтың білуі мен қастерлеудегімаңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу еліміздің мемлекеттік нышандарына құрмет көрсету негізінде қоғамды нығайту, тарихи құндылықтар мен қазақстандықтардың бірлігін сақтау болып табылады», - деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов. Мемлекеттік рәміздер – бұл егемендігіміздің ерекше құндылығы, еліміздің тәуелсіздігі мен халық бірлігінің негізі.1992 жылғы 4 маусымдағы «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Заңының шығуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігін нығайтып, еліміздің даму жолындағы жаңа бастама болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды