- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен ЕҚДБ жобалық қаржыландыру механизмі бойынша іске асатын алғашқы келісімге қол қойды
«Самұрық-Қазына» АҚ мен ЕҚДБ жобалық қаржыландыру механизмі бойынша іске асатын алғашқы келісімге қол қойды
«Біз бұл күн электр станциясын ағымдағы жылдың маусым айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Аталған жобаны тиянақты іске асыру Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі қуат тапшылығы мәселесін тез арада шешуге септігін тигізеді», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев құжатқа қол қою рәсімінде.
Өз кезегінде бизнесті дамыту жөніндегі Бас директор Берік Бейсенғалиев аталған несиелік келісім шарт Қор мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында жобалық қаржыландыру механизмі арқылы іске асатын алғашқы жоба екенін ерекше атап айтты. «Бұл жолы ешбір қосымша кепілсіз, кепілдемелерсіз қаражат тартылып отыр. Еуропа қайта құру және даму банкі бұған дейін Қазақстанда іске асқан жобаларды осындай шартпен қаржыландырып көрген емес. Сол себепті бұл несиелік келісімнің біз үшін маңызы мен мәні ерекше», - деп екпін түсірді ол.
«Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда баламалы қуат көздерін пайдалану жобаларын қашан да қолдап келеді. Алайда «Бурное-Солар» жобасының орны ерекше. Өйткені бұл «жасыл экономикаға» көшу жолындағы жаңа белес. Бұл Қазақстандағы өндірістік ауқымда қуат беретін алғашқы күн электр станциясы», - деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті сэр Сума Чакрабарти.
Жобаның басты мақсаты электр қуатын экологиялық қауіпсіз тәсілдермен өндіріп, өңірді жарықпен тұрақты қамтамасыз ету. Аталған жоба Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асқан ең ірі жаңғыртымды қуат көзі болып табылады.
Жаңадан салынған күн электр станциясы жылына 73,18 млн. кВт*сағ. электр қуатын өндіруге қауқарлы.
«Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны «Burnoye Solar - 1» серіктестігіне қатысу арқылы британиялық UG Energy Limited компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаға жалпы сомасы 128 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылады. Соның 37 миллион доллары «Самұрық-Қазына Инвест» пен UG Energy Limited компанияларының өз қаражаты болса, 91 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражат несиеге алынды.
Қазіргі таңда жобада құрылыс жұмыстары толық тәмамдалған. Бүгінде баламалы қуат көзін «KEGOC» АҚ желілеріне қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Жобаның тиянақты әзірленіп, іске қосылуы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы туралы» 2013 жылдың 30 мамырдағы Жарлығын орындау аясында қоғамға баламалы қуат көздерін ұсыну, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі электр қуаты тапшылығын жою, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары маңында шағын және орта бизнесті дамыту туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын қысқа мерзімде орындауға септігін тигізеді.
Оның үстіне «Бурное» күн станциясы электр жарығын тұрақты өндіріп, жоба «ЕХРО-2017» көрмесі қарсаңында Қазақстан Республикасында жаңғыртымды қуат көздері саласында табысты жүзеге асқан бастамалардың жарқын мысалы болмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі