• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды

Н. Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды

4 Маусым, 2015 13:49
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Үкіметкен Кеңестің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын. 18 жылдық қызметінде Кеңес өзінің тиімділігін көрсетті. Алайда, сіздер көріп отырсыздар Қазақстанның алдында жаңа міндеттер тұр, соған сәйкес бізге инвесторлармен жұмысты қалай жандандырса болады деген мәселені ойлану керек»,-деп мәлімдеді ҚР Президенті. 

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның да Кеңестің де еліміздің инвестициялық климатын жетілдіруге қосқан өлшеусіз үлесі үшін инвесторлардың көпжылдық қолдауына жоғары баға берді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар