• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соңғы төрт жылда АӨК-ке 5 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды – ҚР Президенті

Соңғы төрт жылда АӨК-ке 5 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды – ҚР Президенті

4 Маусым, 2015 13:42
«Агробизнес - 2020» ауқымды бағдарламасы аясында 16 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланатын болады, ал соңғы төрт жылда мемлекет АӨК-ке 5 млрд доллардан астам қаржы инвестициялады, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінде

«Аграрлық бизнес Қазақстанда барған сайын пайдалы және экономиканың маңызды секторына айналуда. Біз мақсатты түрде барлық шараларды жүргізудеміз. «Агробизнес - 2020» масштабты бағдарламасын жүзеге асыру аясында 16 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланатын болады,бұл Қазақстан үшін аз емес», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, соңғы төрт жылда мемлекет АӨК-ке 5 млрд доллардан астам қаржы инвестициялады.

«Бүгінде біз қолдағы әлеуеттің шағын бөлшегін ғана пайдаланып келеміз. Аграрлық сектор ел экономикасы өсімінің драйверіне айналған жоқ. Соңғы 5 жылда импорт 45%-ға артты және жылына 4 млрд доллардан астам қаржыны құрады», - деді ҚР Президенті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар