• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Инвесторлар кеңесінің 29-мәжілісін Астананың қаржы орталығына арнауды ұсынды

Н. Назарбаев Инвесторлар кеңесінің 29-мәжілісін Астананың қаржы орталығына арнауды ұсынды

4 Маусым, 2015 13:24
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Инвесторлар кеңесінің 29-шы мәжілісін «Астана- халықаралық қаржы орталығы» тақырыбына арнауды ұсынды.

«ЭКСПО-2017 инфрақұрылымынң базасында Астана халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі қарастырылуда. Мен Дубай басшылығымен бұл мәселе бойынша және жұмысты ағылшын тілінде жүргізу мен барлық шарттарды қалыптастыру бойынша бірыңғай заңнама қалыптастыру жөнінде тиісті келіссөздер жүргіздім»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған бөлмелерді осы кешенге беру керектігін, сонда уақыт пен қаржы шығындаудың қажеті жоқ болатындығын айтты.

«Бұл осы өңірді толықтай алғанда жалғыз ғана орталық болады. Мен сіздерді біздің бастамамызды қолдайды деген ойдамын, сол себепті Кеңестің 29-шы мәжілісін «Астана-халықаралық қаржы орталығы» деген тақырыппен осы жерде, осы қалада өткізуді ұсынамын, егер сіздер қолдасаңыздар»,-деді Мемлекет басшысы.    

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар