ЕҚДБ: Ауыл шаруашылығы Қазақстанға үлкен кірістер әкелуі керек

4 Маусым, 2015 12:49
Ауыл шаруашылығы Қазақстанға үлкен кірістер әкеліп, оны мұнай бағасына деген алаңдаушылықтардан арылтуы керек, деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті Сума Чакрабарти Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде.

«Ауыл шаруашылығы Қазақстанғы көп кіріс кіргізіп, мұнай бағасымен байланысты алаңдаушылықтан арылтуы керек. Жеке меншікті әртараптандыру да өте маңызды. Халықаралық тәжірибе ауыл шаруашылығының инвестициялардың қатысуымен дамитындығын көрсетіп отыр. Инвестициялар халықаралық технологиялар мен алдыңғы қатарлы тәжірибені алып келеді»,-деді С.Чакрабарти.

Оның сөзінше, бұны Қазақстанның өсуі тиіс агробизнес саласы қажет етіп отыр.  

«ЕҚДБ қоса алғанда, отандық ауыл шаруашылығы компаниялары инвестиция тартулары керек. Бұл компаниялар мүмкіндігінше ашық болып, корпоративті және қаржылай басқаруды жетілдірулері керек. Мұндай компаниялардың көп болуына қажеттілік туып отыр. ЕҚДБ Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс істейді, бірінші кезекте біз қаржы секторын тартпақпыз. ҚР Үкіметінің арқасында агробинес үшін кеңесші құрал шығармақпыз, инновациялық бағдарламаларды іске қосудамыз. Қазақтан бұл үлгіні қабылдап отырған бірінші мемлекет. Біз ауыл шаруашылығы саласының қаншалықты күрделі екендігін, оны реформалаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Алайда, Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда, бұл сала бойынша сәтті қадамдардың жолын тапты. ЕҚДБ осы міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі»,-деді С.Чакрабарти.    

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар