Қазақстан әлемдегі ең сапалы бидайды өндіреді – ЕҚДБ

4 Маусым, 2015 12:23
Қазақстан әлемдегі ең сапалы бидайды өндіреді және көптеген сарапшылар оны мойындайды, жоғары сапалы бидай өзге экспорттаушылардың алдында айтарлықтай басымдылық береді, деп мәлімдеді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти Астанадағы 28-ші Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

«Әлемнiң азық-түлiкке деген сұранысы жыл сайын артып келедi. Бұл ретте Қазақстан жаһандық азық-түлiк қауiпсiздiгiнде үлкен рөл атқара алады. Бұл үшiн компаниялардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында  қолайлы  жағдайлар жасалу керек», - деді сөз басында С. Чакрабарти.

ЕҚДБ президенті атап өткендей, елдегi кәсіпорындар халықаралық нарықтармен қарым-қатынасты жақсартып, инфрақұрылым құруы тиіс.

«Сонда олар өндiрiс көлемi мен сатылатын өнiмнiң көлемiн арттыра алады. Ауыл шаруашылығы қазақстандық экономиканың маңызды бөлшегі. Менің мәліметтерім бойынша, Қазақстан әлемдегі ең сапалы бидайды өндіреді және көптеген сарапшылар оны мойындайды, жоғары сапалы бидай өзге экспорттаушылардың алдында, тіпті  Украинаны қоса алғанда айтарлықтай басымдылық береді. Сіздер ірі 10 бидай экспорттаушыларының және бидай ұнын эскпорттаушылардың екінші ірі құрамына кіресіздер. Жалпы, ауыл шаруашылығы үлкен табыс алып келуі керек», - деп сендірді С. Чакрабарти.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар