• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҚДБ Қазақстандағы агросекторды реформалауды және оның экономикадағы ролін арттыруды ұсынды

ЕҚДБ Қазақстандағы агросекторды реформалауды және оның экономикадағы ролін арттыруды ұсынды

4 Маусым, 2015 12:01
ЕҚДБ Қазақстандағы агросекторға көбірек көңіл бөліп, оны реформалайды және оның экономикадағы ролін арттырады, деп мәлімдеді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти Астанадағы 28-ші Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

«ЕҚДБ Қазақстандағы агросекторға көбірек көңіл бөліп, оны  реформалайды және оның экономикадағы ролін арттырады. Өткен жылы ЕҚДБ мен Қазақстан өкілдігі арасында үздік реформалар туралы келісімге қол қойылды. Жобалардың барлығы ҚР Үкімет жүргізіп жатқан реформаларға байланысты. Кеше мен 4 несиелік келісімшартқа қол қойдым. Оның екеуі Шымкент пен Ақтөбедегі су шаруашылығын жаңғыртуға және қалдықтарды басқаруға бағытталған, ал біреуі Астана қаласындағы әуежайдың әлеуетін арттыруды көздейді», - деді С. Чакрабарти.

Оның айтуынша өткен жылы МЖК механизмдері арқылы  жеке сектордың ел экономикасында айтарлықтай роль атқаруы үшін алаң жасақталды.

«МЖК аясында халықаралық корпорациямен серіктес болуға мүмкін болды және алматы жолы ҮАААЖ-дың құрылымы жасақталды. Бүгінде 100 нақты қадам ұлттық бағдарламасы бар, ол бізге бұданда белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті С. Чакрабарти.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар