• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Еуразия өңірінде инвестициялық хабке айналып келеді – Ә.Исекешев

Қазақстан Еуразия өңірінде инвестициялық хабке айналып келеді – Ә.Исекешев

4 Маусым, 2015 11:54
Қазақстан Еуразия өңірінде инвестициялық хабке айналып келеді, деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінде.

«Инвестициялауға деген қызығушылық тек үшінші мемлекеттер тарапынан ғана білдіріліп жатқан жоқ. Сонымен қатар Франция, Корея, Қытай сияқты алыптар мен Хорватия, Польша, Австралия сияқты мемлекеттер де ұмтылыс танытып отыр. Бұл Қазақстанның өңірдегі инвестициялық хабке айналып келе жатқандығын көрсетеді»,-деді ИДМ басшысы.

Оның сөзінше, Қазақстан жалпы алғанда инвесторлармен жұмысты белсенді жалғастырып жатыр. Олардың арасында жаһандық корпорациялар мен орташа компаниялар да бар. «Барлық инвесторалар да аймақтағы геосаяси жағдайдың қиындап тұрған кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасының уақытында қолға алынған бастама болғандығын және оның қазіргі инвестициялық климатта үлкен жетістікке қол жеткізуге ықпал ететіндігін айтуда»,-деді Ә.Исекешев.     

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар