• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Исекешев: Әлемнің 25-тен астам ірі инвесторлары Қазақстанға 15-тен аса жобаларға қайта инвестицияламақшы

Ә. Исекешев: Әлемнің 25-тен астам ірі инвесторлары Қазақстанға 15-тен аса жобаларға қайта инвестицияламақшы

4 Маусым, 2015 11:39
Әлемнің 25-тен астам ірі инвесторлары Қазақстанға 15-тен аса жобаларға қайта инвестицияламақшы, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму бойынша министрі Әсет Исекешев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

«Қазақстанда индустриаландырудың алғашқы бесжылдығы аясында қайта өңдеу өндірісі саласында  жұмысын бастаған әлемнің  25-тен астам ірі инвесторлары кеңею мақсатында және жаңа өндіріс ошақтарын ашу үшін қайта инвестициялауды жоспарлауда, олар «Tayota», «Coca-Cola» сынды және өзгеде компаниялар, 15-тен астам жобалар», - деп мәлімдеді министр.

Исекешев атап өткендей, өткен Үкімет отырысының  тапсырмасы бойынша мәліметтерге сай жан-жақты жоспар жасалып, қабылданды, бүгінде оның 4 пункті орындалып, 2-уі жүзеге асырылу барысында.

«Қазақстанның шетелдік инвесторлармен ұзақмерзімді келісімдерге отыру  бойынша мәселеге келетін болсақ, сіздің тапсырмаңызға сәйкес шетелдік компаниялармен жергілікті қамтамасыз ету көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді, олар ТШО кеңейту, Қарашығанақ,  Астана ЭКСПО, Абу-Даби Плаза сынды жобалар, әр нысанда жұмыс тобы құрылды, олар өзара келісімнің сақталуын бақылайтын болады», - деп толықтырды министр.

ҚР ИДМ басшысының айтуынша, Astana Business Campus ғылыми паркіне әлемнің жоғары деңгейдегі компанияларын тарту үшін 90-нан астам компаниямен келіссөздер жүргізілді. Олардың ішінде 6-мен меморандум түзілді. «Аталмыш компаниялар Назарбаев Университетіндегі зияткерлік-инновациялық кластер аумағында өз орталықтарын ашатын болады», - деп атап өтті министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар