- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: ҰБТ тапсырып жатқан жастардың 20 пайызы 100-ден жоғары балл алды
Б.Сапарбаев: ҰБТ тапсырып жатқан жастардың 20 пайызы 100-ден жоғары балл алды
«Мен бүгін ҰБТ қалай өтіп жатқандығын көру үшін мұнда арнайы келдім. Бүгін ҰБТ өтіп жатқан үшінші күн. ҰБТ жақсы өтіп жатыр, көрсеткіштер өткен жылғыдан жоғары. Биылғы жылы түлектердің 70 пайызы ҰБТ-ға қатысуда. Тест тапсырып жатқан балалардың 20 пайыздан астамы 100-ден жоғары балл алды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бәрі де балалардың өздеріне байланысты. Егер 11 жыл бойы жақсы оқыған болса, бүгінде олар сынақты «жақсы» деген бағамен тапсырады. Бүгін мен олармен жолықтым, балалардың барлығының көңіл-күйлері жақсы, бәрі де тапсырып шығамыз деп оқталып отыр. Барлығы жақсы тапсыруға ниеттеніп отыр, сондықтан алаңдамаңыздар»,-деді Б.Сапарбаев мектеп түлектерінің ата-аналарымен болған кездесуінде.
Вице-премьер биыл Үкіметтің Мемлекет басшысының міндеттеуімен ҰБТ бойынша біраз өзгерістер енгізгендігін еске салды.
«Ең басты өзгешелік – орташа бағаға қатысты болды. Орташа баға аттестат бойынша және бүгінгі тестілеуден алатын бағалары бойынша қойылады. Сонымен қатар, ҰБТ-ны тапсыру мерзімі өзгертілді. Бұрын бұл мерзім бір апта болса, бұл жолы екі аптаға созылады. Бүгін түлектер тест тапсырып жатыр, егер олар комиссия шешімімен келіспейтін болса, аппеляцияға бере алады. Мұнда тәртіп пен заңды қадағалау үшін бірнеше комиссия жасақталып жұмыс істеп жатыр»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-8 маусым аралығында өтеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады