• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік туларды Астана көшелерінің бойымен алып өтті

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік туларды Астана көшелерінің бойымен алып өтті

4 Маусым, 2015 10:52
Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай астаналық жастардың бастамасымен «Менің Қазақстаным, менің Астанам» атты акция өтті.

«Шараның мақсаты – Қазақстан азаматтарының бойына мемлекеттік рәміздер ақылы патриоттық сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету»-, деп хабарлады  елорда әкімдігі.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бастаған «Менің туым» атты автошеру триумфалды аркадан басталды.  Сhevrolet Cruze маркілі 23 автомобильден тұратын шеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының туын Триумфалды аркадан бастап, Орынбор көшесі арқылы Есіл жағалауына дейін алып өтті.

Автошерудің бірінші кезеңінің қатысушылары «Жыл мезгілдері» жағалауына дейін барды. Бұл жерде ту  акцияның су арқылы өтетін «Су толқынында» бөлігіне көшіп, акция қатысушылары енді туды Есіл өзенінің бойымен катер арқылы алып өтеді. Олар «Жағалау алаңы» жағасына дейін барып, онда ту акцияның екінші кезеңінің қатысушыларына жолданады.   

Автошеру Орталық саябақта ақталып, жастар туды сонда орнатады. Іс-шара мерекелік концертке ұласады.  

Барлық жаңалықтар